Қазақстанда құрастырылатын Changan CS75 Pro ЕАЭО елдеріне сатылуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
2025 жылдың қыркүйегінен бастап Chery, Changan және GWM (Haval мен Tank) маркаларының автокөліктерін шығарады / фото: Китайские автомобили
2025 жылдың қыркүйегінен бастап Chery, Changan және GWM (Haval мен Tank) маркаларының автокөліктерін шығарады / фото: Китайские автомобили

Көлікті құрастырумен Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты айналыспақ.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап Chery, Changan және GWM (Haval мен Tank) маркаларының автокөліктерін шығарады.

Changan CS75 Pro ЕАЭО елдері үшін көлік құралының типін мақұлдау алды.  Бұл – жаңа автокөлік немесе техника моделінің Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін растайтын міндетті сертификат. Демек, Қазақстанда құрастырылған бұл көліктер алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне сатылуы мүмкін.

Changan CS75 Pro  –  ірі радиатор торымен, екі деңгейлі алдыңғы шамдарымен және артқы монофонарымен ерекшеленетін орта көлемді кроссовер.

Көліктің нақты өлшемдері: 4747 × 1870 × 1720 мм, доңғалақ базасы  –  2786 мм. Жабдықталған салмағы  –  1650 кг, толық салмағы  –  2100 кг. Тіркеме сүйреу қарастырылмаған.

Көлік 1,5 литрлік турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Оның қуаты  –  181 ат күші, айналу моменті  –  280 Нм. Қозғалтқышты октан саны 92 және одан жоғары бензинмен толтыруға болады. Жетек түрі  –  тек алдыңғы. Трансмиссия ретінде 7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабы қолданылады.

Ең бастысы, бұл кроссовер өз сегментінде қолжетімді модельдердің бірі саналады. Қытайда оның бағасы шамамен 6,85-8,3 млн теңге аралығында.

Салыстыру үшін Changan CS75 Plus моделінің IV буыны Қытай нарығында 7,6-9,78 млн теңге тұрады. Ал Қазақстанда бұл көлік жабдықталуына және шығарылған жылына қарай 11,09-13,99 млн теңге аралығында сатылып жатыр. Демек, жаңа модельдің бағасы бұдан төмен болуы мүмкін.

Жақында жаңа Changan CS55 Plus кроссовері Қазақстан нарығына шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз