Алматыда көлік тұрағын салу үшін 101 учаске мәжбүрлеп алынады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Алматы әкімдігі

Алматыда мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шығару процедурасы басталды. Көлік тұрағын салу үшін 101 учаске иелерінен сатып алынбақшы. Бұл туралы әкімдіктің 2026 жылғы 30 наурыздағы қаулысында жазылған.

Жер телімдері негізінен Түрксіб ауданындағы учаскелер. Олар автотұрақ аймағын абаттандыру үшін алынбақшы. Мәжбүрлі түрде иеліктен шығару мерзімі – 2029 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Меншік иелеріне заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төленеді. Ол үшін Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 602-кабинет мекенжайына бару керек.

Учаскелердің толық тізімін мына жерден көруге болады.

Осыған дейін Алматыда LRT салу үшін 300-ге жуық жер учаскесін мемлекет меншігіне алатынын жазған едік. Жерді иеліктен шығару процесі 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқталуға тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз