Психологиялық қысым жасайды: алаяқтар жаңа айлаға көшті

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
банктер алаяқтық
Фото: kursiv.media архиві

Алаяқтар азаматарды алдаудың жаңа айласын ойлап тапты. Олар өздерін басшы, мемлекеттік органдар немесе жоғары оқу орындарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды қорқытып, ақша аударуға мәжбүрлеуде. Осыған орай Ішкі істер министрлігі халыққа ескерту жасады.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, адамдарға телефон арқылы немесе мессенджерлерде хабарласады. Содан кейін жедел әрекет етуді талап етеді және психологиялық қысым жасайды.

«Осыдан кейін азаматтарға «мамандар» немесе «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі. Салдарынан алаяқтар адамдарды ақшасын алып, оны «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі», – деп түсіндіреді құқық қорғаушылар.

Келесі кезең – ақша аударту. Алаяқтар қаражатты «қауіпсіз шотқа» шұғыл түрде жіберу керек деп сендіріп, сол арқылы ақшаны қорғап қаламыз деп алдайды. Ақша түскеннен кейін байланыс үзіледі.

ІІМ атап өткендей, қаскөйлер қазіргі заманғы технологияларды жиі қолданады, соның ішінде нөмірді алмастыру, дауысты өзгерту және сенімге кіруге, қырағылықты төмендетуге көмектесетін өзге де тәсілдер бар.

«Банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді», – деп еске салды ІІМ өкілдері.

Еске салайық, Қазақстан мен Украина полицейлері халықаралық алаяқтар желісін жапты. Днепр қаласында бірден үш call-орталық жабылды. 

Сондай-ақ оқыңыз