Астанада оқушыны ұрған мұғалім жұмыстан шығарылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Нысанаға №14, 18, 12, 21, 4, 11, 16, 17, 19, 1 мектептер ілінеді деп көрсеткен / фото: KursivMedia мұрағаты
Астанада оқушыны ұрған мұғалім жұмыстан шығарылды / фото: KursivMedia мұрағаты

Астана мектептерінің бірінде педагог оқушыға физикалық күш көрсеткен. Қалалық білім басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, мектеп директоры жазаға тартылғанын жария етті.

Болған жағдай әлеуметтік желілерде видео тарай бастағаннан кейін белгілі болды. Кадрларда ер адамның мектеп оқушысына күш қолданғаны көрінеді. Сондай-ақ, оқытушының оқушыға қатысты балағат сөздер айтқанын естуге болады.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, қызметтік тексеру нәтижесінде бұл факт расталды.

«Педагог Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасы негізінде жұмыстан босатылды. Қосымша тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды. Мектеп басшысы мен оның орынбасарлары ресми жаза алды және дербес жауапкершілікте болады», – деп нақтылады ведомстводан.

Сондай-ақ, басқарма жағдайдың бақылауда болатынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз