Астанада 4 және 5 сәуір күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Жарияланды

Осы демалыс күндері, 4 және 5 сәуірде, Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болады.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, сүт және ұн өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, тосаптарды, джемдерді және басқа да азық-түлік түрлерін сатып ала алады.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жәрмеңке таңғы сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35Б мекенжайы бойынша орналасқан «Keryen Joly» сауда орталығының аумағында жұмыс істейді.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынның жанынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.