Қытай бір жылдың ішінде шетелге қашқан мыңға жуық жемқор шенеунікті қайтарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Интерполдың «қызыл циркуляр» тізіміне қытайлық 100 жемқор-қашқын енген / фото: KursivMedia мұрағаты
Интерполдың «қызыл циркуляр» тізіміне қытайлық 100 жемқор-қашқын енген / фото: KursivMedia мұрағаты

Қытай «Тяньван 2026» операциясын іске қосты. Бұл жемқорлыққа күдікті қашқын шенеуніктерді ұстауды көздейді.

Синьхуа агенттігің ақпаратына қарағанда, Қытайда жемқорлықпен күрес жөніндегі орталық үйлестіру тобы құрылған. Оған қарасты қашқын қылмыскерлер мен заңсыз алынған мүлікті іздестіру кеңсесі жұмыс істейді.

«Аспан торы»

Аталған кеңсе «Тяньван 2026» («Аспан торы» 2026) кодтық атауымен операцияның басталғанын жариялады. Науқан жемқорлыққа қатысы бар қашқындарды іздеп табуға және заңсыз активтерді қайтаруға бағытталған.

Мұндай операция алғаш рет 2015 жылы іске қосылған.

Операция мақсаты не

2026 жылғы операция аясында мемлекет қызметін пайдаланып жасалған қылмыстардан түскен заңсыз қаражатты тәркілеу, шетелдегі экономикалық қылмыскерлерді қудалау, офшорлық компаниялар мен жасырын банктер арқылы қаражатты шетелге шығарудың жолын кесу, сондай-ақ отбасы мүшелері (жұбайы мен балалары) шетелде тұратын шенеуніктер мәселесін шешу бойынша ведомстволардың жұмысы үйлестіріледі.

100 жемқор-қашқын

Кеңсе құқық қорғау және сот саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ трансшекаралық жемқорлыққа қарсы заңнаманы жедел әзірлеуге күш салатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Интерполдың «қызыл циркуляр» тізіміне енген Қытайдағы ең көп іздеуде жүрген 100 жемқор-қашқынға қатысты іздестіру жұмыстарын жандандырмақ.

Тізімдегілер түгел қайтарылған

2025 жылға қарай Қытай Азия аумағында жүрген осы тізімдегі барлық тұлғаларды елге қайтарды. Жалпы бір жыл ішінде шетелден 963 жемқор-қашқын ұсталып, еліне жеткізілген.

Сонымен қатар Қытай бала мен әйел саудасына қарсы күресті күшейтіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз