Үкімет «Байтерек» холдингіне 310,5 млрд теңге құяды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Бәйтерек холдингіне қосымша қаржы құйылады / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі «Байтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатқа мемлекет бюджетінен 310,5 миллиард теңге бөлінеді.

Акцияларды орналастыру шарттары қандай

Холдинг жалпы саны 310 500 000 дана жай акция шығарады. Әрбір акцияның құны 1 000 теңге болып белгіленген. Акцияларды сату процесі басымдықпен сатып алу құқығы арқылы жүзеге асырылады.

«Байтерек» холдингінің жалғыз акционері Қазақстан Үкіметі болғандықтан, жаңадан шығарылған барлық акцияларды мемлекеттің өзі сатып алады. Бұл қадам холдингтің капиталын арттыруға бағытталған.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың жұмысына сын білдірген. Алайда Рустам Қарағойшин холдинг қызметкерлері керісінше, жұмыста қарбалас екенін, тіпті кейде жұмысты артығымен істейтінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз