Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Жарияланды

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидов қарсыласымен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша Төрехан 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық боксшы кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. Енді ол финалға шығу үшін таласады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) те ширек финал кезеңіне өткен болатын.
Сондай-ақ, бүгін, 3 сәуір түскі сессияда сағат 14:00 де Төреханның ағасы Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шығады.