Ресейде 415 жолаушысы бар пойыз аударылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Mash
Фото: Mash

Ресейде Челябі – Мәскеу бағытындағы жолаушылар пойызының жеті вагоны Ульянов облысында рельстен шығып кетті.

Пойыз құрамында барлығы 15 вагон, оның ішінде 415 адам болған. Mash дерегінше, оқиға Чердаклы ауданындағы Бряндино станциясы маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз аударылғаннан кейін кемінде екі адам сүйегі сынып жарақат алған. Барлық жолаушы эвакуацияланды. Пойызға Челябі облысының 157 тұрғыны отырған. Оның ішінде 65-і балалар.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер саны 23 адамға жетті. Олардың төртеуі – балалар. Көпшілігінің жарақаты жеңіл және орташа деңгейде. Барлығы оқиға орнынан шамамен 40 шақырым жердегі ауруханаға жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Ульянов өңірлік апаттар медицинасы орталығы хабарлады.

Апатқа байланысты бұл учаскеде пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Салдарын жою үшін Ульяновск, Бугульма, Сызрань және Рузаевка станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жіберілген.

Бұған дейін Боралдайда пойыз жолаушылар автобусына соқтығысқан еді, зардап шеккендер бар.

Сондай-ақ оқыңыз