Бір оқушыға 775 теңге: мектептегі тегін тамақтың құны қаншаға өсті

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock

Премьер-Министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мектеп оқушыларын тамақтандыруға мемлекеттен қанша қаржы бөлінетінін мәлім етті. Бұл туралы ол депутаттардың сауалына берген жауабында айтты.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасы өңірлер арасында да, сондай-ақ жекелеген облыстардың ішінде де айтарлықтай айырмашылыққа ие.

«Мектептегі тамақтану құны әр өңірдегі баға айырмашылығы мен экономикалық мүмкіндіктерді ескере отырып белгіленеді. Білім беру ұйымдарында ұсынылатын тағамдар мен өнімдердің бағасы қолданыстағы ережелерге сәйкес, инфляцияның қазіргі деңгейін ескере отырып белгіленеді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті атқарушы органдар баға өзгерісі мен статистикалық деректер негізінде мектептегі тамақтану құнын қайта қарады», делінген жауапта.

Бір оқушыны тамақтандырудың орташа құны қазір 775 теңгені құрайды. 2024 жылдың басында бұл көрсеткіш 635 теңге болса, 2025 жылы 697 теңгеге жеткен.

Серік Жұманғарин бұл сома жыл сайын инфляция деңгейіне қарай өсіп, қайта есептеліп отыратынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін мектеп асханалары ескертусіз тексерілетіні жайлы хабарланды. 

Сондай-ақ оқыңыз