Алматыда жасөспірім мысықтың басын қабырғаға ұрып, үстіне секірген

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: instagram.com/almatinec_live
фото: instagram.com/almatinec_live

Әлеуметтік желілерде оқушының мысықты ұрып-соғып, қабырғаға соққан видео тарады.

Аlmatinec_live ақпаратына қарағанда, оқиға Алматы қаласындағы Теремки тұрғын үй кешенінде болған. Жануарға көрсетілген қатігездік үйдің дәлізінде орнатылған камераға түсіп қалған.

«Бұл – жануарларға қатыгездікпен қараудың өрескел фактісі. Оқушы мысықты аяусыз қорлаған», – делінген ақпаратта.  

Полиция департаментінің мәліметінше, қазір жасөспірімнің жеке басы анықталып отыр. Ол профилактикалық есепке алынып, отбасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал Шымкентте полицейлер тастай өзен суында ағып бара жатқан марғауларды құтқарып алды.

Сондай-ақ оқыңыз