Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан жартылай финалға шықты
Жарияланды

Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында отандасымыз өзбекстандық Шахзод Музафаровпен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша Махмұд 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Осылайша қазақстандық боксшы кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті. Енді ол финал жолдамасы үшін сынға түседі.
Айта кетейік, бұған дейін осы чемпионатта Махмұдтың інісі Төрехан Сабырхан да жартылай финалға шыққан еді.