Зеленский Ресейдің қатысуымен өтетін келіссөздер үшін АҚШ делегациясын Киевке шақырды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
украина россия и сша
Зеленский Ресейдің қатысуымен өтетін келіссөздер үшін АҚШ делегациясын Киевке шақырды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Украина президенті Владимир Зеленский соғысты аяқтау шарттары туралы Мәскеудің қатысуымен өтетін келіссөздерді қайта бастау үшін Киевке Америка делегациясын шақырғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.

«Мен Американың келіссөздер делегациясын Киевке шақырдым. Деляция қазіргі жағдайда – Иранмен соғыс кезінде – Киевке келу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бұл техникалық топтар деңгейіндегі үштарапты кездесудің баламалы нұсқасы. Америкалық топ бізге келе алады, содан кейін бізден шығып Мәскеуге бара алады», – деп келтіреді басылым мемлекет басшысының мәлімдемесін.

Жауап ретінде, атап өтілгендей, «оң сигналдар» алынған.

Пасха мерекесіне оқ атуды тоқтату 

Өз кезегінде, «Интерфакс-Украина» агенттігі Киевтің АҚШ-қа Пасха кезінде оқ атуды тоқтату туралы сұраныс жолдағанын хабарлады. Бұл ретте Америка тарапының бұл ұсынысты Мәскеуге жеткізе алар-алмасы белгісіз.

«Біз бәріміз БАҚ-тан олардың жауабын көрдік: олар бұған дайын емес. Бұл жауап қаншалықты маңызды екенін білмеймін. Біз Америка тарапына өз сұранысымызды бердік. Олардың орыстарға өз жолдауын жеткізуге мүмкіндігі бола ма, жоқ па, оны білмеймін. Көре жатармыз. Біздің Пасхада оқ атуды тоқтату туралы ұсынысымыз күшінде қалады», – деді Зеленский.

Бұдан бөлек, ол Украина мен Ұлыбритания барлау қызметтерінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта майдандағы жағдай Киев үшін соңғы 10 айдағы ең жақсы деңгейде екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз