Марқакөлде жоғалған қойшы аман табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөлде жоғалған қойшы аман табылды. Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталған.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында, Ақбұлақ ауылдық округінде Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бірлесіп 1965 жылы туылған ер адамды іздеді», – делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, ол мал бағу үшін шаруа қожалығынан жылқымен шығып, белгіленген уақытта қайтып оралмаған. Содан кейін ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылған.

Іздестіру жұмыстары түні бойы жүргізілген. Нәтижесінде хабарсыз кеткен ер адам Маубас пен Доғалбай фермаларының арасынан табылды.

Қойшы зардап шекпеген және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Айта кететін жайт, Қарағанды облысының Абай ауылында жоғалған 14 жастағы бала табылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз