Теміртаулық әйел жүзігін шеше алмай, құтқарушы шақыруға мәжбүр болды

Теміртаулық әйел жүзігін шеше алмай, құтқарушы шақыруға мәжбүр болды. Жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегіне жүгінген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, оқиға Қарағанды облысы Теміртау қаласында болған. Сақина әйелдің саусағын қысып қалып, қайта өздігінен шығара алмай қойған.
«Сақина 1984 ж.т. әйелдің саусағын қатты қысып, өздігінен шеше алмай құтқарушыларға хабарласты. ТЖМ құтқарушылары қысқа уақыт ішінде арнайы слесарлық құралдың көмегімен ісінген саусақтан сақинаны шешіп берді», – делінген хабарламада.
Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалуға шақырып отыр. Әрқашан сізге көмекке келуге әзір екенін айтқан.
Айта кететін жайт, Түркістан облысы Абай ауылында құтқарушылар нөсер жауынның кесірінен 29 адамды эвакуация жасады.