«Қайрат» – «Астана»: Ел-классикосын қайдан көруге болады

Бүгін, 5 сәуір күні, Алматы қаласында футболдан Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясындағы ең басты кездесу өтеді. Ел чемпионатының екі алпауыты «Қайрат» пен «Астана» жасыл алаңда бетпе-бет келеді.
Тікелей трансляция
Футболсүйер қауым бұл тартысты кездесуді «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Ойын сағат 18:00-де басталады.
Турнирлік кесте: Көш басындағы тартыс
КПЛ-2026 маусымының алғашқы үш турынан кейін турнирлік кестедегі жағдай өте тығыз:
«Астана» – 7 ұпаймен бірінші орында тұр. «Қайратта» да – 7 ұпайы болғанымен, соғылған және жіберілген голдардың айырмашылығына байланысты төртінші сатыға жайғасқан.
Сондай-ақ, «Ордабасы» мен «Окжетпес» клубтарының еншісінде де 7 ұпайдан бар, олар тиісінше екінші және үшінші орындарды бөлісіп тұр.
Соңғы нәтижелер
Өткен турда командалар әртүрлі нәтиже көрсетті. «Қайрат» сырт алаңда «Жетісумен» кездесіп, ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал елордалық «Астана» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Еске сала кетейік, бұл екі команданың соңғы рет кездесуі өткен жылдың қазан айында Алматыда өткен. Ол кезде ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді.