Дағыстанда су тасқыны болып, мыңдаған адам эвакуацияланды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Дағыстан ТЖМ

Наурыздың соңынан бері Солтүстік Кавказда толассыз жауын жауып тұр, оның зардабын Дағыстан тартып жатыр. Республиканың жекелеген өңірлерінде төтенше жағдай режимі енгізіліп, су тасқыны мен көшкін қаупіне байланысты жергілікті тұрғындар эвакуацияланып жатыр деп жазады РБК.

Дербент ауданында толассыз жауған нөсер салдарынан өзен арнасынан асып, Геджух су қоймасы бөгеті бұзылған. Биліктің мәлімдемеуінше, Дербент ауданынан алдын ала 4165 адамды, соның ішінде 823 баланы эвакуациялау жоспарланған. Олар уақытша орналастыру пункттеріне және туыстарының үйлеріне жеткізіледі.

Дағыстан басшысы Сергей Меликов аймақтағы ең күрделі жағдай Махачкалада, сондай-ақ Карабудахкент және Хасавюрт аудандарында қалыптасып отырғанын мәлімдеді. Кайтаг ауданының Кирки ауылында көшкін жүріп, салдарынан бір үй толығымен қирап, тағы екі үй жартылай зақымдалды. Ресей ТЖМ хабарлауынша, үйінділер астынан қаза тапқан әйелдің денесі табылды.

Наурыз басталғалы бері селден республиканың он мыңдаған тұрғыны электр жарығысыз қалды, автомобиль және теміржол қатынастары бұзылды. Махачкалада көптеген көшелерді су басты, Дағыстанның түрлі аймақтарында сел жүргені туралы хабарламалар түсті.

Айта кетейік, Қазақстанда Ақмола облысында Шөптікөл бөгеті жарылып, ауыл мен автожолды су басу қаупі туды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнында тасыған суды қауіпсіз жерге өткізу жіберу жұмыстары жүріп жатыр

Сондай-ақ оқыңыз