Ғарыштағы жол апаты – комета Күнге соқтығысып, мерт болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Ғарышта да жол апаты болады. Бағытын өзгерткен комета Күнге соқтығысып, жұтылып кетті.

ХRAS ақпаратына қарағанда, C/2026 A1 кометасы ғарыштық бақылау құралдарының көру аймағына қайта оралмады.

Комета небәрі 5 миллиард жыл ғана өмір сүрді

Ол Күнге тым жақын келіп,  ғайып болды. Ірі тас бөліктері Күннің бетіне тікелей құлаған. Апат сәтінде кометаның шаңды құйрығының бір бөлігі үзіліп, жарық қысымының әсерінен сыртқы тәжге ығыстырылған.

Күн жүйесіндегі кометалардың басым бөлігі шамамен 5 миллиард жыл бұрын қалыптасқан еді.

Қазасы күні бұрын белгілі болған

«Миллиардтаған жылдық өмір қайғылы аяқталды. C/2026 A1 — 2026 жылдың алғашқы кометасы болғандықтан, оған әдемі A1 индексі берілген. Оның тағдыры мен жойылатын күні алғашқы хабарламалардың өзінде-ақ айтылған. Ақыры болжам айдай келді», – делінген хабарламада.

Крейц кометалары

Бұл аспан денесі Крейц кометалары отбасысына жатқызылған. Бұл өте қызықты топ. Олардың барлығы – бір кездері жүздеген, бәлкім мыңдаған жыл бұрын ыдыраған алып кометаның сынықтары. Сол гипотетикалық дененің кейбір ірі бөліктері мезгіл-мезгіл Күнге жақындайды. Мысалы, олардың бірі 1106 жылғы Ұлы кометаны тудырған.

Мұның алдында NASA Айға ұшқан ғарышкерлер түсірген Жердің суретін жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз