Құрылыста 5,3 млрд теңгені заңсыз иемденбек болғандар анықталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдары құрылыс объектілеріне «жоспарлы инспекциялау» жүргізеді / фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Тоқаев ҚМА төрағасын қабылдады / фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, президентке агенттіктің жұмысы жөнінде баяндалды.

Жанат Элимановтың сөзінше, мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 млрд теңге субсидияны тиімсіз пайдаланғаны, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған 10 миллиардтан аса теңгені мақсатсыз жұмсау белгілері анықталған.

Одан бөлек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын жымқыру фактілері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған, ал құрылыс саласында 5,3 миллиард теңгені заңсыз иемденбек болған жандарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды.

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылғаны және банктер мен байланыс операторларының атын жамылып, арнайы құрылғылар арқылы жаппай фишингтік SMS-хабарламалар таратқан топ әшкереленгені жөнінде есеп берді.

«Жалпы аудиториясы 25 мыңнан асатын 3,7 мың алаяқтық сайт және 22 топтық чат жабылған. 400-ден астам жалған құрылыс компаниясының заңсыз түрде бірінші санаттағы лицензия алуына жол берілген жоқ», – делінген ақпаратта.

«Көлеңкедегі» тұлғаларға рәсімделген 68 мыңнан астам карта бұғатталған. Жалған компаниялар мен құжаттарды пайдалану фактілері бойынша 23 іс тіркелген, келтірілген залал – шамамен 13 миллиард теңге.

Қаржылық пирамидалар, онлайн-казино және алаяқтықтан түскен табысты жылыстатумен айналысқан 3 жасырын криптоайырбастау қызметінің жолы кесілді. Криптовалюта айырбастауға қатысты заңсыз онлайн сервистерге кіруге арналған 483 сілтеме жойылды.

Мемлекет басшысы агенттіктің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз