«Наурыз 2026»: 16 мың қазақстандық тұрғын үй бағдарламасына өтті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: kursivmedia мұрағаты
Фото: kursivmedia мұрағаты

«Отбасы банк» «Наурыз 2026» тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар тізімін жариялады.

Бағдарламаға 26 822 өтінімнің ішінен 16 000 салымшы іріктеліп шыққан.

Үй тауып, сатып алуға алты ай уақыт беріледі

Қатысушылар 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында несиеге өтінім беруге тиіс. Қарыз мақұлданғаннан кейін, оларға тұрғын үй табу және сатып алу үшін алты ай уақыт беріледі.

Банк мәліметінше, бағдарламаға қатысушылардың орташа жасы – 32 жас. Олардың 9296-сының баласы бар, ал 7569-ы некеде.

Іріктеуден өткендердің жартысынан көбі, нақтырақ айтқанда, 8690 адам тұрғын үй кезегінде тұрғандар. Оның ішінде 2689 азамат әлеуметтік осал топтарға жатады. Бұл санат үшін несие мөлшерлемесі жылдық 7%, ал қалған қатысушылар үшін – 9%. Қарыз мерзімі 19 жылға дейін.

Әрленген пәтердің бастапқы жарнасы 10%

Банк сайтында қатысушылардың жалпы тізімі де жарияланған.

Өтінім бергеннен кейін келесі қадам – төлем қабілеттілігін бағалаудан өту. Осы кезең 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында өтеді. Тұрғын үйді Baspana Market порталынан таңдап, брондауға болады. Сондай-ақ бір несие аясында жөндеу жұмыстарына да қаражат алуға мүмкіндік бар. Әрленген (таза әрлеу) пәтер таңдаған адам үшін бастапқы жарна 10% болады.

Бағдарлама алдағы 5 жыл бойы жалғасады.

Айта кететін жайт, Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй бөлу уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыз