Балабақшада сәбилердің үстіне шкаф құлап, бір бала зардап шекті

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Балабақшада сәбилердің үстіне шкаф құлап, бір бала зардап шекті / Фото: Shutterstock

Атыраудағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленушілердің үстіне шкаф құлады. Ақпаратты аймақтық полиция департаменті растады.

Оқиға 3 сәуірде болған, алайда бұл туралы енді ғана белгілі болды. Жазатайым оқиға салдарынан бір бала жеңіл жарақат алған. Медицина қызметкерлері тексеру жүргізіп, баланы ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

«Қызметкерлер тексеру жүргізіп, түсініктеме алды. Материалдар білім беру саласындағы сапаны бақылау департаментіне жіберілді. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатыр», – делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз