Бокстан Азия чемпионаты: 7 сәуір кімдер шығады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жақындап қалды. 7 сәуір күні, турнирдің жартылай финалдық жекпе-жектері жалғасады. Шаршы алаңға Қазақстан құрамасының 6 бірдей үздік боксшысы шығып, финал жолдамасын сарапқа салады.

Күндізгі сессия (Басталуы – 09:00)

Күндізгі уақытта біздің төрт боксшымыз сынға түседі. Олардың басым бөлігі алаң иелері – моңғолиялық спортшылармен жұдырықтасады:

48 келі (2-жұп): Айгерім Сәттібаева vs Номундари Енх-Амгалан (Моңғолия)

75 келі (6-жұп): Сабыржан Аққалықов vs Далай Ганзориг (Моңғолия)

85 келі (7-жұп): Нұрбек Оралбай vs Бариахаан Дорж (Моңғолия

 +90 келі (9-жұп): Айбек Оралбай vs Довлет Исламов (Түрікменстан)

Кешкі сессия (Басталуы – 14:00)

Түстен кейінгі сессияда қазақ-өзбек бокс мектебінің дәстүрлі текетіресі күтіп тұр. Біздің екі спортшымыз да Өзбекстан өкілдерімен кездеседі:

60 келі (3-жұп): Оразбек Асылқұлов vs Әбдірахмон Махмуджонов (Өзбекстан)

90 келі (8-жұп): Сағындық Тоғамбай vs Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)

Барлық жекпе-жекті Qazsport арнасынан тікелей эфирден көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан жартылай финалдан өте алмай, қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ оқыңыз