Желіде ІІМ комитет төрағасына қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасы Данияр Мейрханға қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Данияр Мейрханға қызметтік өкілетін теріс пайдаланғаны және қызметкерге тиіскені үшін іс қозғалған. Үстінен 20 қызметкерден ұжымдық арыз түскені айтылған.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бірқатар қызметкердің шағымы негізінде материал тіркелді.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір шағым міндетті түрде тіркеліп, тексеріледі. Қазір барлық мән-жайды жан-жақты және объективті анықтау мақсатында тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ақпаратта.
Тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кетейік, Данияр Мейрхан қызмет жолын Ақтөбе облысында бастаған. Одан кейінгі жылдары қазіргі Түркістан облысында еңбек еткен.