Бір трансляцияда екі ойын: Freedom Media футбол жанкүйерлері үшін жаңа формат енгізді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Freedom Media футбол жанкүйерлері үшін жаңа формат енгізді / фото: Freedom Media

Freedom Media онлайн-кинотеатры спорттық трансляциялар әлеміне заманауи тренд – мультикаст форматын енгізді. Енді УЕФА Чемпиондар лигасының шешуші кезеңдерінде «қай матчты көрсем екен?» деген қиын таңдау жасаудың қажеті жоқ.

Мультикаст дегеніміз не?

Мультикаст – бір уақытта өтіп жатқан бірнеше матчтың ең қызықты сәттерін бір арнаға тоғыстыратын бірегей көрсетілім.

Форматтың артықшылықтары

Барлық голдар бір жерде. Бір стадионда гол соғылса немесе қауіпті сәт болса, трансляция бірден сол оқиғаға ауысады. Арналарды үздіксіз ауыстырып, жүйке жұқартудың қажеті жоқ. Ойынның ең маңызды және шешуші эпизодтары ғана назарыңызда болады.

«Мультикаст – матчтар арасында таңдау жасамай-ақ, бүкіл ойын кешін толық сезінуге мүмкіндік беретін заманауи формат», – дейді Freedom Media бас директоры Тимур Баиров.

Ойындар кестесі (1/4 финал)

Алдағы ширек финалдық кездесулерді Астана уақытымен келесі кесте бойынша тамашалай аласыздар:

Матчтар

8 сәуір, 00:00 «Реал Мадрид» – «Бавария», «Арсенал» – «Спортинг»
9 сәуір, 00:00 «ПСЖ» – «Ливерпуль», «Барселона» – «Атлетико Мадрид»

Қалай қосылуға болады?

Футболды кез келген құрылғыдан (смартфон, компьютер немесе Smart TV) көру мүмкіндігі бар. Мобильді қолданушылар Freedom SuperApp қосымшасы арқылы көре алады.

Сондай-ақ оқыңыз