Астана мен Алматы оқушылары Азияның мықты шахматшыларымен жарысады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Шахматтан мектеп командалары арасындағы Азия біріншілігі
Алматыда 8-12 жастағы оқушылар арасындағы жарыс өтіп жатыр / фото: Қазақстан шахмат федерациясы

7 сәуірде Алматы қаласында World Schools Team Championship 2026 турнирінің Азия құрлығындағы кезеңі басталды. Қазақстан намысын Астана мен Алматы қаласының үш мектеп командасы қорғайды.

Тарихта алғаш рет

FIDE және Халықаралық мектеп шахмат федерациясы (ISCF) осындай форматтағы турнирді алғаш рет ұйымдастырып отыр. Жарыстың бас серіктесі – Тимур Турлов басқаратын Freedom Holding Corp.

Биыл төрт құрлықта іріктеу кезеңдері өтеді. Әр құрлықтың жеңімпаздары жыл аяғында Гранд-финалда кездесіп, мектеп командалары арасындағы әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Шахматтан мектеп командалары арасындағы Азия біріншілігінің ашылу салтанаты
Жарысты қазақ федерациясының басшысы Тимур Турлов ашты / фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Алғашқы іріктеу турнирі Алматыда басталды. Оны Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов ашты.

«Қазір мектептерде 60 мыңнан астам бала жүйелі түрде шахматпен айналысады және бұл көрсеткіш үздіксіз өсіп келеді», – дейді ол.

Құрлық үздіктері

Турнирге 19 елден 26 мектеп командасы қатысып жатыр. Олардың арасында Қытай, Үндістан және Өзбекстан секілде шахматы жақсы дамыған елдердің оқушылары да бар.

Ал Қазақстан намысын үш команда қорғайды. Олар:

  • SEED Uniker School (Астана);
  • №173 мектеп-лицей (Алматы);
  • Республикалық физика-математика мектебі (Алматы).

Іріктеу турнирінің жеңімпазы 10 сәуірде анықталады.

Сондай-ақ оқыңыз