Geely Galaxy M7: жаңа гибрид кроссовер сатылымға шығады

Geely Galaxy компаниясы жаңа қосылатын гибридті жол талғамайтын көлік – Geely Galaxy M7 моделіне алдын ала тапсырыс қабылдайды.
Сarnewschina ақпаратына қарағанда, тапсырыс қабылдау 9 сәуірде басталмақ. Көлік сәуір айының соңында нарыққа шығарылады.
Электр қуатымен жүріс қоры CLTC стандарты бойынша 225 шақырымға дейін жетеді. Ал аралас режимдегі жалпы жүріс қоры 1730 шақырым болады.
Модель сипаттамасы
Galaxy M7 – Geely-дің жаңа Galaxy желісіндегі ықшам кроссовер. Оның ұзындығы – 4770 мм, ал доңғалақ базасы –2785 мм. Бұл отбасылық SUV сегментіне жатады.
Көлік Geely-дің жаңа дизайнында жасалған. Алдыңғы бөлігінде ұзындығы 2 метрден асатын, 362 жарықдиодтан тұратын LED-жарық жолағы орнатылған. Шанақтың 20-дан астам элементі аэродинамикалық оңтайландырудан өткен. Соның нәтижесінде ауа кедергісінің коэффициенті 0,27-ге дейін төмендеген.
Қуат жүйесі және тиімділік
M7 моделінде 1,5 литрлік Thor EM гибридті қозғалтқышы қолданылады. Оның максималды қуаты – 82 кВт, ал жылулық тиімділігі 47,26%.
Көлік 18,4 кВт·сағ және 29,8 кВт·сағ болатын екі түрлі литий-темір-фосфат аккумулятормен ұсынылмақ.
Үлкен батарея электр режимінде 225 шақырымға дейін жүруге мүмкіндік береді. Ал жалпы жүріс қоры 1730 шақырымға жетеді.
Батарея толық разрядталған жағдайда отын шығыны – 100 шақырымға 3,35 литр. Бұл аралас жүргізу жағдайында шығынды айтарлықтай азайтады.
Интерьер және технологиялар
Салонда Flyme Auto 2 интеллектуалды басқару жүйесі және 23 динамигі бар Flyme Sound аудиожүйесі орнатылған. Әрлеуде күдеріге ұқсас материалдар мен ағаш элементтер қолданылған. Қосымша мүмкіндіктер қатарында ауданы 1,2 шаршы метр панорамалық шатыр, 256 түсті интерьер жарығы, салқындату функциясы, 50 Вт сымсыз қуаттау, желдету, жылыту және массаж функциялары бар орындықтары бар.
Сонымен қатар көлікте G-ASD H3 интеллектуалды басқару жүйесі орналастырылған. Ол автомагистральдарда және көпірлерде навигацияны қолдайды.
Айта кететін жайт, Наурыз мерекесіне орай Geely Galaxy бағасы арзандатқан еді.