Қырғыз гуманитарлық көмегі Иранға жетті (видео)
Жарияланды

Қырғызстан жолдаған гуманитарлық көмек Иранға жетті. 129 тонна жүк иран-түркімен шекарасына жақын маңдағы Серахс қаласында тұр.
Қырғыз қырғыз төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, гуманитарлық жәрдем 7 сәуірде кедендегі рәсімдеу толық аяқталған соң Иранға тапсырылады.
Министрлік жариялаған видеодан қырғыз азаматтарын иран азаматы күтіп алғанын көруге болады.
Соғыс жүріп жатқан Иранға гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қабылдаған. Жүк тиелген жеті көлік 3 сәуірде жолға шыққан. Гуманитарлық көмектің 66 тоннасы азық-түлік, ал қалған 63 тоннасы – дәрі-дәрмек.
Қырғызстан көмегі соғыстан зардап шеккен бейбіт азаматтарды қолдауға арналған.