Қытай компаниясы Алматыда тау-кен институтын ашады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
қытай институты
фото: shutterstock

Қытайдың Beijing Fuxing Yihua Technology компаниясы Алматы қаласында тау-кен өнеркәсібіне бағытталған ғылыми-зерттеу институтын ашуды көздеп отыр. Бұл туралы «Алматы – Шанхай» бизнес форумында мәлім болды.

Қытай компаниясы өкілінің пікірінше, Қазақстанда табиғи байлық көп болғанымен, ғылыми-технологиялық сараптама тапшы. Институт минерал шикізатының құрамын талдап, оны байыту сынақтарын өткізеді.

Инвестор жобаны қолдағаны, оны жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін Алматы әкімдігіне алғыс айтты, деп таратты мегаполис билігі. Инвестиция көлемі туралы айтылмады.

«Алматы – Шанхай» бизнес форумы екі қала арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайтуға арналған. Алаң мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және сарапшылардың басын қосып, бірлескен жобалар мен жаңа әріптестік бағыттарын талқылауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қытай компаниясының Қазақстанда 1,2 млрд долларға болат комбинатын салғысы келетіні мәлім болған.

Сондай-ақ оқыңыз