Жезқазғандық «өрмекші адам» көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жезқазғандық «өрмекші адам» көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздады. Оны полиция қызметкерлері құтқарып алды.

Polisia.kz ақпаратына қарағанда, 6 сәуір күні сағат 22:27-де кезекші бөлімге Росков көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде ер адамның үшінші мен екінші қабаттың арасында ілініп тұрғаны туралы хабарлама түскен.

42 жастағы қала тұрғыны кез келген сәтте құлап кету мүмкін еді. Төменге секіру өте қауіпті. Ал жоғарыға қайта көтерілуге шамасы жетпеген. Уақыт өткен сайын оның күш-қуаты таусыла бастаған.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері жағдайдың күрделілігін бірден бағамдап, жедел әрекет етті. Үшінші қабаттағы пәтердің есігін ешкім ашпаған соң, олар төменгі қабаттағы көршілер арқылы көмек көрсету туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Полицейлердің бірі тәуекелге барып, екінші қабаттың терезесінен еңкейіп, ілініп тұрған азаматты аяғынан ұстап қалды. Ал оның әріптесі полицейдің қауіпсіздігін ойлап, белінен мықтап ұстап тұрды. Бірнеше секунд ішінде ер адам құтқарылды.

Ер адам өз пәтерінде қамалып қалып, сыртқа шығу үшін терезеден түспек болған. Алайда ол өз мүмкіндігін дұрыс бағаламаған.

Айта кететін жайт, балаларын терезеден лақтырған ана ауыр депрессияға шалдыққан болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыз