Алматыда полицейлер жол бойындағы инфрақұрылымның жай-күйін тексеруде

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Алматыда полицейлер жол бойындағы инфрақұрылымның жай-күйін тексеруде / Фото: Polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлері жол бойындағы инфрақұрылымның жай-күйін тексеруде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мегаполисте нысаналы рейдтер жүргізілуде. Қызметкерлер техникалық қызмет көрсету станцияларын, сауда нүктелерін және басқа да коммерциялық нысандарды тексеріп жатыр.

«Рейдтер барысында қоқыс тастау, жол бойында апаттық және бөлшектелген көліктерді орналастыру фактілері, сондай-ақ қаланың санитарлық жағдайы мен сыртқы келбетіне әсер ететін басқа да бұзушылықтар анықталуда. Кейбір жағдайларда тиісті күйде емес көліктер мамандандырылған тұрақтарға эвакуацияланады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары нысан иелері мен әкімшілігіне іргелес аумақты тиісті қалыпта ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, енді Алматы полицейлері қызметтік көлігін тастап, азаматтық жеңіл көліктерге ауысатынын жазған едік. Осылайша жолдағы заң бұзушылықтармен күреспекші.

Сондай-ақ оқыңыз