Азия чемпионаты: Қазақстанның 8 боксшысы финалға шықты

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан 2026 жылғы бокстан Азия чемпионатында (Elite Boxing Championships) Қазақстан құрамасының 8 спортшысы финалға жолдама алды.
Әйелдер құрамасы (9 сәуірдегі финалдар)
Әйелдер арасындағы шешуші жекпе-жек 9 сәуір күні өтеді. Ел намысын 3 боксшы қорғайды:
70 кг: Бақыт Сейдіш – Арундхати Чоудхари (Үндістан)
80 кг: Надежда Рябец – Рухшона Парпиева (Өзбекстан)
+80 кг: Дина Исламбекова – Алфия Пазан (Үндістан)
Ерлер құрамасы (10 сәуірдегі финалдар)
Ерлер арасындағы финалдық кездесулер 10 сәуірге жоспарланған. Алтын медаль үшін 5 боксшымыз жұдырықтасады:
60 кг: Оразбек Асылқұлов – Сачин Сачин (Үндістан)
70 кг: Төрехан Сабырхан – Зейад Ишаиш (Иордания)
75 кг: Сабыржан Аққалықов – Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан)
85 кг: Нұрбек Оралбай – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
+90 кг: Айбек Оралбай – Данабек Байкенже (Қытай)