6,4 трлн теңге кіріс түсті: үш айда мемлекеттік бюджетке түскен салық артқан

2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі жоспарланған межеден асып түсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға өсті. Экономикалық белсенділіктің артуы мен экспортқа шығатын тауар бағасының қолайлы болуы қазынаға қосымша 268,7 млрд теңге түсірді.
Бюджет жоспары қалай орындалды
I тоқсанда мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 104,4%-ға орындалды. Жоспарланған 6,2 трлн теңгенің орнына іс жүзінде 6,4 трлн теңге жиналды. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдердің жалпы өсімі 930,6 млрд теңгені (+16,9%) құрады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер де бекітілген жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындаған. Бұл динамикаға Қазақстан экспортқа шығаратын өнімдердің, тауар мен қызметті сату көлемінің артуы, сондай-ақ салық және кедендік әкімшілендірудің күшеюі негіз болды.
Салық түсімдерінің құрылымы қандай?
Республикалық бюджет кірістерінің 98%-ы салықтан құралған. Бұл бағыттағы жоспар 101,8%-ға орындалып, 4 трлн теңге орнына 4,2 трлн теңге түсті.
Жиналған салық көлемінің өсуіне мынадай факторлар әсер етті: корпоративтік табыс салығы (КТС) 16,9%-ға, импортқа салынатын қосылған құн салығы (ҚҚС) 24,2%-ға, ал пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) 35,7%-ға артты.
Экспорттық бағалардың тиімділігі мен сауда айналымының өсуі бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі факторларға айналды.
Қосылған құн салығын төлейтіндердің қатары артты
Жыл басынан бері салық төлеушілер базасының кеңейгені байқалады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелді.
Сонымен қатар, ҚҚС төлеуші субъектілердің саны 10 мыңға артқан. Оған салықтық бақылаудың күшеюі және кәсіпкерлердің ресми тіркелуі себеп.
Қазақстанда биыл жаңа Салық кодексі қабылданып, қосылған құн салығы пайыздан пайызға көтерілген. Бұ реформаның жүзеге асыруға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономка министрі Серік Жұманғанрин жетекшілік еткендіктен, ол бесресми» салық реформасының атасы» аталып кеткен.