Биыл 9 мамыр — Жеңіс күні Қазақстанда әскери парад өтпейді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Жеңіс күні әскери парад
Кейінгі алты жылда Қазақстанда 9 мамырда әскери парад өткен жоқ / фото: shutterstock

2026 жылы 9 мамыр – Жеңіс күні Қазақстанда әскери парад өтпейді. Салтанатты шеру 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні де жоспарланбаған.

Қазақстанда мамыр айындағы мереке күндері әскери парад өтпейтінін Kursiv.Media-ға Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Биыл парад өткізу жоспарланбаған. Оның орнына басқа да әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады», – деп жауап берді министрлік өкілі.

Атап айтқанда, ерлік дәрістері, үздік жауынгерлерді дәріптеу, ардагерлерге құрмет көрсету шаралары парадты алмастырады. Бұған қоса, көпшілікке әскери оркестр шеру, шығармашылық ұжымдардың өнері ұсынылады. Сонымен бірге мереке күндері табиғатты қорғау акциялары ұйымдастырылады.

Әскери техникалар мен қару-жарақтар көрмесі, сарбаз ботқасы акциясы, ашық есік күні секілді шаралар да биылғы жоспарға енген.

Қазақстан соңғы мәрте Жеңіс күніне арналған әскер парадты 2019 жылы өткізген. Содан кейінгі алты жылда 9 мамырда елде мұндай іс-шара ұйымдастырылмады.

Сондай-ақ оқыңыз