Өзбекстан 170-тен астам қажыға елге өз қаражатымен қайтуға кеңес берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Сауд Арабиясына Умра қажылығына барған 170-тен астам өзбек азаматы еліне қайта алмай отыр.

Бес парызының бірін өтеушілердің айтуынша, 14 күндік сапар аясында түрлі топпен қажылыққа барған.

Kun ақпаратына қарағанда, олар ұйымдастырушылардың қателігі мен жалған ақпараттың кесірінен бөтен елде қалып қойған.

Өзбекстанның Сауд Арабиясындағы дипломаттары Мекке қаласындағы «Kanari» және «Al-Ayam Elite» қонақүйлеріне барып, қиын жағдайда қалған азаматтармен кездескен. Қазіргі таңда осы қонақүйлерде елге қайта алмай қалған 170-тен астам өзбек азаматы бар. Қажылардың басым бөлігі – егде жастағы адамдар.

Олардың арасында инфаркт алған, қант диабеті мен қан қысымы сияқты созылмалы аурулары бар азаматтар да бар. Олар тұрақты түрде дәрі қабылдауы керек. Өзбекстан үкіметінен көмек те сұраған.

Дипломаттар оларға өтініштері тиісті органдарға жолданатынын түсіндірген. Алайда бұл мәселені қарау ұзақ уақыт алатындықтан, қажыларға мүмкіндігінше өз қаражатына әуе билеттерін сатып алып, елге қайтуды ұсынған.

Сондай-ақ оларға елге қайтқан соң ғана қиын жағдайға қалдырған тұлғалардың үстінен тиісті органдарға шағымдануға болатынын айтқан.

Айта кететін жайт, астаналық тұрғын Меккеге қажылық сапар ұйымдастырып беремін деп 13 адамның ақшасын аляқтық жолмен қалтасына басқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз