Жануарларды өлтіргендерге жаза қатаңдайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жануарларды өлтіргендерге жаза қатаңдайды/фото: Айгерім Таубай

Елде жануарларды өлтіргендерге жаза қатаңдайды. Бұл нормалар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасында көрсетілген.

Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, қолданыстағы заңнамада жануарды қинағандарды 30 күнге дейінгі мерзімге қамау қарастырылған. Ал жаңа заң қабылданса, бұл мерзім 6 айға дейін ұзарады.

Ал жануарды өлтіргендер 2 жылға сотталады. Заң жобасына сәйкес, жазаны 3 жылға дейін қатаңдату қарастырылған.

Бұған дейін Павлодарда өзі көліктің ішінде отырып, иттің қарғыбауын жібермей, машинаның жанында жүгіртіп қойған жүргізуші ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз