Каспий теңізінде 5,4 балдық жер сілкінісі болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Каспий теңізі / фото: shutterstock
Каспий теңізі / фото: shutterstock

8 сәуірде Астана уақытымен сағат 14:05-те Каспий теңізі аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлайды.

Ұлттық ядролық орталыққа қарасты Геофизика зерттеулері институтының мәліметінше, жерасты дүмпуінің магнитудасы 5,4 балл деп бағаланды. Сейсмикалық белсенділік 64 км тереңдікте болған.

Мекеме дүмпу ошағының координаттарын (39.64, 50.55) жариялады. Ол Баку қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 80 км жерде орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінде 2026 жылғы 27 ақпанда да жер сілкінген. Сол кезде дүмпу ошағы Әзербайжан астанасынан солтүстікке қарай шамамен 70-80 км жерде болғаны айтылған. Мамандар бір жарым ай бұрынғы сейсмикалық белсенділік қуатын 4,9 балл деп бағалаған.

Сондай-ақ оқыңыз