Банк қызметкері зейнеткердің атына кредит рәсімдеп 1,5 млн теңге алған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қарағанды облысының Осакаров ауданында зейнеткерлерге қатысты жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікті анықталды.

Полицияға 67 жастағы зейнеткер әйел жүгініп, белгісіз тұлға оның атына шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдегенін хабарлаған.

Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде осы іске қатысы бар 36 жастағы бұрынғы банк менеджері анықталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған. Күдікті сол деректерді пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген. Алайда әйелге несие мақұлданбағаны туралы жалған ақпарат берген. Ал мақұлданған қаражатты өз шоттарына аударып жіберген.

«Қазіргі уақытта барлық жәбірленушінің егде жастағы азаматтар екені анықталды. Сонымен қатар полицияға күдіктінің әрекеттеріне байланысты тағы алты арыз түскен. Келтірілген жалпы шығын көлемі нақтылануда», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Ал Өзбекстанда банк қызметкері клиентін өлтіріп, мәйітін каналға тастағаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз