Елімізде астық пен ұн экспорты 9,9 млн тоннаға дейін өсті

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Фото: Shutterstock

2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейінгі аралықта астық пен ұн экспорты (астық баламасында) 9,9 млн тоннаны құрады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2025 жылдың наурызына жақын бұл көрсеткіш 8,7 млн тонна болған. Бұл сыртқы нарықтарға жеткізілім көлемінің артқанын көрсетеді.

Экспорт көлемі

Мәселен, Өзбекстан еліне астық экспорты 15%-ға өсіп, 7,3 млн тоннадан 8,4 млн тоннаға жетті. Қырғызстан бағытына 1,7 есеге ұлғайып, 233 мың тоннадан 393 мың тоннаға артты.

Сонымен қатар, Ауғанстан бағыты бойынша экспорт 35%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін жетті. Түрікменстанға жіберілген астық көлемі де 1,5 есеге көбейіп, 105 мың тоннадан 156 мың тоннаға ұлғайды.

Экспорт көлемінің артуы шетелдік нарықтарда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың тұрақты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, логистиканы жетілдіру мен экспорт географиясын кеңейту бағытындағы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асып жатқанының айқын дәлелі.

Жалпы, Қазақстан астық жинауда екінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткішке жетті. Осының арқасында Еуропа Одағы, Қытай және Орталық Азия елдеріне экспорт көлемін кеңейтті.

Сондай-ақ оқыңыз