Freedom Holding Қазақстандағы 15 жылдық тәжірибесін басты артықшылығы санайды

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
freedomholdingcorp.com, бильд-редактор: Дастан Шанай

Freedom Inside ‘26 бизнес форумында Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов компанияның Қазақстандағы басты артықшылығы – нарықтағы үлесі емес, елге терең тамыр жаюы мен 15 жылдан астам жинақталған тәжірибесі екенін айтты.

«Біз Қазақстанды өз үйіміз деп санайтынымызды мақтан тұтамыз. Бірақ ең маңыздысы – нарықтағы үлесіміздің көлемі емес, сол нарықта қаншалықты мықты және терең орныққанымыз», – дейді Тимур Турлов.

Оның айтуынша, компания Қазақстанда 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде компания Қазақстандағы ережелерді, нарықтың ерекшеліктерді және клиенттермен сенімді қарым-қатынас орнатуды жақсы үйреніп, бизнес қауымдастықпен тығыз байланыс орнатқан.

«Мұндай тәжірибені сатып алу мүмкін емес. Ол тек жылдар бойы жүргізілген жүйелі жұмыс арқылы келеді. Біздің Қазақстандағы басты активіміз – нарықтағы үлес немесе кеңселер саны емес, осы елге қаншалықты терең орныққанымыз. Біз бұл нарықта жай қонақ емеспіз, оның ажырамас бөлігіміз», – дейді ол.

Турловтың айтуынша, көп жылдық тәжірибенің арқасында компания басқа нарықа да жылдам шығуға мүмкіндік алады. Мысалы, компания Қазақстанда 10 жылда құрылған жүйеге ұқсас құрылымды Тәжікстанда екі жыл ішінде жасап шығарды.

Сонымен қатар, ол компанияның технологиялық әлеуеті жаһандық деңгейде бәсекелесуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның пікірінше, компанияның өнімдері мен командалары Еуропа мен АҚШ-тағы ірі ойыншылардан кем түспейді.

«Қазір, мысалы, Revolut шамамен 100 млрд долларға бағаланып отыр. Біз өз өнімдерімізге, командаларымызға қарап, бәсекеге түсуге толық дайын екенімізді сезінеміз. Мұндай нәтижеге қол жеткізбеудің ашқандай себебін көріп тұрған жоқпын», дейді Тимур Турлов.

Ол инвесторларды компанияны тек қазақстандық бизнес ретінде емес, жаһандық амбициясы бар ойыншы ретінде қарастыруға шақырды. Қазіргі таңда компания әлемнің ондаған елінде жұмыс істеп, технологиялық модельдің арқасында жылдам дамып келеді.

Жалпы, Freedom Holding компаниясы 10 жылда активін 12,5 млрд долларға жеткізіп, клиент санын 11 миллионнан асырған. Сонымен қатар Nasdaq-тағы акция бағасы шамамен 10 есе өсті.

Сондай-ақ оқыңыз