Қорғаныс министрлігі әскери техника сатып алуға қанша жұмсайтынын айтты

2026 жылы үкімет күштік құрылымға 3 трлн теңге бөлмекші. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 335 млрд теңгеге артық. Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков бөлінген қаржының қайда жұмсалатынын айтты.
Оның сөзінше, қосымша бюджет ұшқышсыз ұшу аппараттары тәрізді заманауи, жаңа техника сатып алуға пайдаланылады.
«Сондай-ақ қаражат әуе техникасы жаңалауға, әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасын сатып алуға жұмсалады», – деп атап өтті министр орынбасары.
Әскери қорғанысқа бөлінетін қаржы көбейіп жатыр
Соңғы жылдары үкімет отандық қорғаныс күшін нығайтуға ерекше көңіл бөліп жатыр. Биылғы жоспар бойынша, қорғанысқа бөлінген шығын ЖІӨ-нің 1%-нан аспауы керек.
Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы қорғаныс шығындары 666 млрд теңге немесе ЖІӨ-нің 0,68%-ына тең болған. Алайда сол кезде депутаттар бұл сома елді «ықтимал соғысқа» дайындау үшін жеткіліксіз екенін мәлімдеп, қайта қарулануға қосымша қаражат бөлуді ұсынды. 2024 жылы бұл сома бұдан да аз – 565 млрд теңге болған еді, ол уақытта билік бюджетті жоспарлау кезінде консенсус іздестіріліп жатқанын айтқан.
Жақында қорғаныс министрлігі отандық кәсіпорындар әскери дрондарды жасауға басымдық бермек екенін мәлімдеген. Оның ішінде әртүрлі типтегі ұшқышсыз ұшу аппараттары, радиоэлектрондық күрес құралдарын ел ішінде өндіріп шығару деген ұсыныстар айтылып жатыр.