8 адам зорлаған 15 жасар оқушы қыздың ісі ерекше бақылауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Алматы облысының полициясы 8 адам зорлады делінген оқушы қыздың ісі ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.

Полицияның ақпаратына қарағанда,  құқық қорғау қызметкерлері он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру шаралары аясында оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталуда. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – делінген ақпаратта.

Алматы облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, істің жан-жақты, толық әрі объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін жедел-тергеу тобы құрылды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мұның алдында адвокат Инга Аманбай бүгін Алматы облысында 15 жастағы оқушы қызды екі ай ішінде 8 адам зорлағаны туралы баспасөз мәслихатын өткізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз