Түрмеде отырған «Дикий Арман» ажырасып кетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дикий Арман, Арман Джумагельдиев
«Дикий Арман» ажырасты/коллаж kursiv.media

Қаңтар оқиғасынан кейін 20 жылға сотталған «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевтің ажырасқаны туралы ақпарат тарады.

Kaktus.media редакциясының хабарлауынша, бұл туралы қырғызстандық дизайнер Айколь Аликжанова әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Сөзінше, екеуінің бір қызы бар. Екеуі жақында ажырасып кеткен, бұған Жұмагелдиев бастамашы болған.

Әйел екеуінің арасында ешқандай араздық жоғын жазған.

Айколь Аликжанова – қырғызстандық актриса және модель, «Мисс Қырғызстан – 2014» және «Мисс Интернет KG – 2012» байқауының жеңімпазы. Кейінгі жылдары көпшілік дизайнер ретінде біледі.

Алматыда 44 адам сотталды

Қаңтар оқиғасынан кейін «Дикий Арман» лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев, бұрын депутат болған Қайрат Құдайберген және ҰҚК полковнигі Руслан Ысқақовқа және тағы 40 адамға қатысты тергеу басталды.

Араға бірнеше жыл салып, Арман Жұмагелдиев 20 жылға, Қайрат Құдайберген 8 жылға, Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Олар бір топ адамды ұрып-соғып, күштеп ұстады деп айыпталды. Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев 24 адамды ұрлап, Алматыдағы Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақүйлерінің паркингтерінде ұстаған. Ал 6 қаңтарда «Қазақстан» қонақүйіне келген жақтастарына Glock және Макаров тапаншаларын таратқан.

Сондай-ақ оқыңыз