Номиналды құны – 1 теңге: KASE индексіне байланған алғашқы ETF саудасы басталды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан қор биржасы алаңында «KASE Индексіне» байланған алғашқы ETF саудасы басталды. Бұл негізінен жеке инвесторларға ыңғайлы құрал болмақ.

Оның маркет-мейкері – BCC Invest. ETF – биржада сатып алуға болатын инвестициялық құрал. «KASE индексіне» биржадағы ең өтімді 10 қазақстандық компанияның акциялары кіреді.

Яғни, инвестор бір компанияның акциясын емес, бірден бірнеше ірі компанияның акция топтамасына ақша сала алады.

Мұндай құралдың ерекшелігі, қарапайым инвесторларға қор нарығына кіруді жеңілдетеді. Бұған дейін жеке акцияларды таңдап алу қиын болса, енді бір ETF арқылы KASE индексіне кіретін негізгі компаниялардың жалпы қозғалысына қатысуға мүмкіндік туады.

Құралдың номиналды құны 1 теңге деп белгіленген. Оны брокер арқылы да, жеке де сатып алуға болады. Жалпы бұл құрал 13-38% өсім көрсетуі мүмкін.

BCC Invest Басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Уразақовтың айтуынша, Қазақстан қор биржасының тарихы 30 жылдан асса да, мұндай құрал нарыққа енді енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз