Qazsport бокстан Азия чемпионатын интернеттен неге көрсетпегенін түсіндірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: Qazsport

Ұлан-Батыр қаласында Asian Boxing және World Boxing ұйымдарының қолдауымен бокстан элита санатындағы алғашқы Азия чемпионаты өтті. Аталған рейтингілік турнирді елімізде хабар тарату құқығына ие Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Алайда, халықаралық талаптарға сай трансляция барысында бірқатар шектеулер бар.

Трансляция тек теледидар арқылы көрсетілді

Asian Boxing ұйымының қойған талаптарына сәйкес, жекпе-жектерді интернет сайттарда немесе мобильді қосымшалар арқылы трансляциялауға тыйым салынған. Сондықтан жанкүйерлер бокс кештерін тек теледидар арқылы тікелей эфирде көруге мәжбүр болды.

Авторлық құқықты бұзудың салдары

Телеарна басшылығы жанкүйерлер мен желі қолданушыларына келесі ережелерді қатаң сақтауды ескертеді:

  • Трансляциядан жазылып алынған бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде жариялауға болмайды.
  • Бейнеүзінділерді басқа интернет-платформаларға жүктеуге тыйым салынады.

Бұл талаптарды орындамау авторлық құқықты бұзу болып саналады. Талаптар сақталмаған жағдайда Asian Boxing және ресми хабар таратушы тарапынан заңдық жауапкершілікке тарту шаралары қарастырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жаңа форматтағы алғашқы Азия чемпионаты. Қазақстанның ерлер құрамасы турнирді жалпыкомандалық есепте бірінші орынмен аяқтап, тарихи нәтиже көрсетті. Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов және ағайынды Оралбайлар алтын медальдар алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз