Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бойтұмарының есімі таңдалды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бойтұмарының есімі таңдалды / Фото: 24Kg

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының (ДКО) ресми бойтұмары болып табылатын ілбіске (қар барысына) Батай деген есім берілді. Бұл туралы ДКО Халықаралық хатшылығы хабарлады.

Атап өтілгендей, Батай есімі мәдени код пен терең символизмді иеленген. Мәселен, «Ба» буыны «барс» (ілбіс) сөзіне сілтеме жасайды. Ол күшті, еркіндікті және ішкі қуатты бейнелейді. Ал «Тай» – қырғыздың «таяныч» (тірек) сөзінің қысқартылған түрі, ол «опора» деген мағынаны білдіреді. Бұл ішкі мықтылықты, тепе-теңдікті және тамырмен байланысты айқындайды. Осылайша, Батай есімі екі қуатты бастауды біріктіреді: күш пен тірек – түп-тамырға деген құрметпен алға жылжу.

Бұған дейін 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бойтұмары ретінде ілбіс таңдалғаны хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді және әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылардың басын қосады. Бағдарламаға спорттық, мәдени және ғылыми іс-шаралар енгізілген.

Сондай-ақ оқыңыз