Таяу Шығыстағы соғыс әлем экономикасын баяулатуы мүмкін

Таяу Шығыстағы соғыс әлемдік экономикаға «ауқымды әсер» етеді. Reuters агенттігіне берген сұхбатында Дүниежүзілік банк президенті Аджай Банга осылай мәлімдеді.
Оның пікірінше, соғыс ерте аяқталған жағдайда жаһандық экономикалық өсім 0,3-0,4%-ға, ал қақтығыс созылып кетсе, 1%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Инфляция базалық болжам бойынша 0,2-0,3%-ға, ал жағымсыз сценарийде 0,9%-ға дейін өсуі ықтимал екенін айтады.
Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, биыл дамушы елдер мен экономикасы қарқынды дамып жатқан елдердің өсімі 3,65% болады (қазан айындағы болжам 4% еді). Ал соғыс ұзаққа созылған жағдайда бұл көрсеткіш тек 2,6%-ға ғана жетуі мүмкін. Төтенше сценарийде инфляция 6,7%-ға дейін көтерілуі мүмкін.
Банганың айтуынша, Дүниежүзілік даму банкі өз энергия ресурстары жоқ кейбір дамушы елдерге дағдарысқа қарсы қаржылай көмек бөлу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Дегенмен ол кейбір дамушы елдердің бұрыннан жиналған үлкен берешегі бар екенін және ол олар тапқан табысын халықтың экономикалық дамуына емес сол ескі қарызын қайтаруға жұмсап отырғанын мойындайды.
АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс әлі аяқталған жоқ. 12 сәуірде екі тарап Пәкістанда өткізген келіссөздер сәтсіз бітті.