Алматының кейбір элиталы ауданында бір күнге суық су өшеді

14 сәуірде Алматының бірқатар аудандарында суық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Алматы Су» мекемесі хабарлады.
Шектеу қойылатын аймаққа «Рахат» шағын ауданы, «Аспан Тау», «Асқар Тау», «Хан Тәңірі», «Байкен» тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Almaty Resort шипажайы мен «Заман» мектебі кіреді.
«Алматы су» түсіндіруінше, бұған жаңа су құбырының іске қосылуы себеп. Жаңа жүйе алдағы уақытта ауданды сумен қамтамасыз ету жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.
Коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардан суды алдын ала жинап алып, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефон арқылы білуге болады.
Суық су тарифі жағынан Алматы ең арзан аймақтардың бірі деп саналады. Қала тұрғындары 1 текше метр су үшін 73,92 теңге, ал Жезқазған тұрғындары 52,90 теңге төлейді. Еліміздің қай қаласында коммуналдық тарифтер ең арзан, ал қай өңірде ең қымбат екенін мына жерден біле аласыз.