Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа рейс ашылмақшы

Маусым мен тамыз аралығында Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей әуе рейсі қатынайтын болады. Рейстерді SСAT және Vietjet Qazaqstan әуе компаниялары орындайды деп хабарлады облыстық баспасөз қызметінің әкімдігі.
Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды. Ұшу жиілігі – аптасына бес рет. Бұл бағытта 50 жолаушыға дейін сыйатын CRJ 200 ұшақтары қолданылады.
Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша да күн сайынғы әуе қатынасы ашылады. Бұл рейстерді Vietjet Qazaqstan компаниясы сыйымдылығы 78-ден 86-ға дейін жететін Bombardier Q-400 ұшақтарымен жүзеге асырады.
Екі қала бойынша да ұшу билетінің құны – 16 мың теңге.
Ал сәуірден бастап Астанадан Армения астанасына тікелей ұшуға болады. 20 сәуірде Shirak Avia әуе компаниясы аталған бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды.