Петропавлда 3 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап аман қалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Петропавл қаласында 2023 жылы туған сәби көпқабатты үйдің екінші қабатының терезесінен құлап кеткен.  

Петропавловск.news хабарлауынша, оқиғадан кейін бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп жоқ. Жағдайы тұрақты.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың бел омыртқасына зақым келген. Сонымен қатар, оң жақ саны көгерген және оң аяғында сызат бар.

«Бала әрі қарай бақылау және консервативті ем алу үшін травматология және ортопедия бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда өміріне қауіп жоқ, жағдайы тұрақты», — деп хабарлады ведомство.

Мұның алдында жезқазғандық «өрмекші адам» көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз