Мамыргүлді жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін

Енді қызғалдақты ғана емес, мамыргүлді жұлғандарға да 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Полицияның мәліметінше, гүл жұлғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Егер мамыргүл қоғамдық жерде өссе, оны жұлуға тыйым салынады. Ал жеке аумақта өсіп тұрған болса, жер иесі келтірілген шығын үшін өтемақы талап етуге құқылы.
Гүл қала аумағында, аулада, саябақта немесе көше бойында өссе, оны сындыруға немесе жұлуға болмайды. Бұл үшін айыппұл салынуы мүмкін.
Ал егер бұта жеке аумақта өсіп тұрса, жағдай басқаша. Мұндай жағдайда меншік иесі зиян келтірілді ме, жоқ па, оны өзі шешеді. Өтемақы талап етуге құқылы. Тіпті моральдық зиян үшін де талап қоюы мүмкін. Оның мөлшері заңмен шектелмеген.
Әлеуметтік желілерде мамыргүлді жұлғаны үшін салынатын айыппұл туралы ақпарат қызу талқылана бастады.
Айта кететін жайт, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Ляззат Бердібаева сары қызғалдақтармен түскен фотосуреті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл төлеген еді.